Рыбакина Майамидегі финалда тағы да жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ақтық сынында екінші жыл қатарынан есе жіберіп отыр.

Фото: globallookpress.com
Ол финалда әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзден екі сетте 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Рыбакина тура былтырғыдай Miami Open-нің ақтық сынына жетті де, бірақ титулға қол жеткізе алмады.
Елена финалға қатысқаны үшін 585 000 доллар тауып, 650 ұпай жинады. Ал Даниэль 1 100 000 доллар мен 1 000 ұпай иеленді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалда Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7, 6:4 есебімен, жартылай финалда Виктория Азаренконы (#32) 6:4, 0:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.
