Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті.

📷Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті.📷Спикер өз сөзінде министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қоғамдық саясатты дамыту туралы өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты басымдықтарын жүзеге асыруға егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.📷Еске сала кетейік, Жас саясаткер мектебіне қатысу үшін конкурстық негізде еліміздің барлық өңірінен 50 адам іріктелді. Олар 5 күндік қарқынды оқыту курсынан өтеді. Бұл – көпшілік алдында сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер және Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер.#AMA…

0
0
217

Аудандық қоғамдық штабының мүшелері мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті

Жиын барысында аудандық штаб төрағасы Т.Даргужиев Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы алға қойған мiндеттер жайында таныстырды.– Сайлауалды тұғырнамада Әдiлетті Қоғам, Әділетті Экономика, Әділетті Мемлекет деп аталатын үш жақты құрылым бекітілген. Бәрімізді біріктіретін Әділетті Қоғам қағидаты Жаңа Қазақстанның іргесін бекіте түспек. Қоғамдық саяси тұрақтылық әркім үшін маңызды. Әр адам жетістікке еңбекпен қол жеткізеді. Әділетті қоғам құру жолында мәдениет қызметкерлерінің де қосар үлесі басым. Баршаңызды ел мүддесi жолында Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын, – деді Талғат МұратұлыСонымен қатар кездесуде мәдениет саласындағы оң өзгерістер айтылды. Жиын соңында аталмыш сала өкілдері Қасым Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясатын және алдағы жоспарын қолдайтынын айтты.#Toqaev2022#Д…

0
0
271

Сырымда "Есіктен есікке" акциясы жалғасуда

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшесі Мүсірбек Әлібекұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында Жымпиты ауылының тұрғыны, зейнеткер, ұзақ жылдар аудандық жер қатынастары бөлімін басқарған еңбек ардагері Сағидолла Орашевтің щаңырағында болды. Еңбек ардагері С.Орашевпен Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сайлау алды бағдарламасы бағытында әңгіме өрбітті. Ақсақал Қ.Тоқаевтің саясатын толық қолдайтындығын айтып, 20 қарашада өтілетін сайлауға отбасы болып баратындығын, ел бірлігі, жастар болашағы үшін дауыс беретіндігін айтты. Жерлестерін де сайлауға толық қатысуға шақырды

#ДауысберТоqaev2022

0
0
176

Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының күре тамыры

Штаб мүшелері ауыл тұрғындарына үміткер бағдарламасы жан-жақты таныстырып, ауыл әлеуетін көтеруге бағытталған бағдарлама бағыты жайлы таныстырдыАуыл шаруашылығы еліміздің күретамыры саналады. Әлеумет әлеуетінің артып, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне өз септігін тигізетін - ол ауылдар. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналатынын айтты. Ауылдағы тұрмыстың да қаладағы секілді жайлы болуына күш салынады. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы 7 жылда ауылды жедел дамытуға басымдық берілмек. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек, - деді штаб төрағасы Т.ДаргужиевӨз кезегінде тұрғындар да алдағы сай…

0
0
149

Ауыл тұрғындарымен және ауылындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Алғабас ауылдық округіне қарасты Жаңаөңір ауылының тұрғындарымен және аталмыш округке қарасты Сасықкөл ауылындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті.Кезінде колхоз бөлімшесі болған Жаңаөңір ауылы бүгінде оннан астам түтіні бар ауыл. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Орталықтан жырақта болсақ та, алдағы науқаннан тыс қалмаймыз деп отырған тұрғындарының да ұсыныстары мен тілектері көп болды.Штаб мүшесі Ж.Кенжебаев кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп, ауыл тұрғындарының мәселелері бағдарламадан тыс қалмағанын жеткізді.Штаб мүшесі Ә.Бахтияров мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға…

0
0
228

Aудандық қоғамдық штабының мүшелері білім беру саласындағы ұстаздар әулеттерімен кездесті

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында Біз педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмысты жалғастыра береміз. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады, ұстаздар мен дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын іске қосамыз деген болатын. Білім беру саласы мамандарының жалақысы жыл сайын өсуде. Білім беру мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспеген, - деді штаб төрағасы Т.ДаргужиевЖиын барысында сөз алған ардагер ұстаздар Ким Николайұлы Федянин мен Ғилаж Молдашұлы Қаналиев өздерінің естеліктері, өмір жолымен бөлісіп, Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын қолдайтындарын жеткізді.Кездесу барысында сайлауалды бағдарлама бойы…

0
0
141

Штаб мүшелері Тоғанас ауылындағы «Раушан» шаруа қожалығында болып, шаруалармен кездесті.

Оған аудандық штаб мүшелері – Т.Даргужиев, Ж.Кенжебаев, А.Ойшыбаевалар қатысып, сайлауалды бағдарламадағы қолға алынатын бағдарламалар мен жобалардың тиімді тұстарын атап өтті. Сонымен бірге, ел дамуының алғышарты болып саналатын еңбек адамдарының маңызды рөлі жайлы сөз болды. Кездесу барысында кандидат тұғырнамасындағы көтерілген қарапайым еңбек адамын толғандыратын өзекті мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар аудандық штаб төрағасы Т.Даргужиев мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолданудың тетіктері туралы айтып берді. Жұмысшылар штаб мүшелеріне өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, сұрақтарына жауап алды.Тәуелсіздік алған жылдары құлдырап кеткен ауылдар, бүгінде қайта жанданып, гүлденіп келеді. Солардың бірі кезінде күллі одаққа белгілі "Правда" кеңшарының орталығы…

0
0
186

Қоғамдық штабтың мүшелері Өлеңті ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуді аудандық қоғамдық штабтың мүшелері А.Ойшыбаева, А.Нұрмашев, А.Мурадимова, Е.Бердіғалиевтар қатысып, штабтың мақсаты мен міндеттері жайлы айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік мәселеге терең мән беріп, халықтың көңіл-күйін сезе білетін көшбасшы екендігін айтып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру, халық денсаулығы сияқты маңызды тұстарына тоқталды.

Өз кезегінде штаб мүшесі А.Ойшыбаева ауданымызда атқарылып жатырған игі істерді алға тартып, бұл істер мұнымен тоқтамайтынын айтып, елдің игілі мен берекесі үшін алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

#Toqaev2022

0
0
192

Штаб мүшелері Жымпиты ауылы тұрғындарымен кездесті

Кездесуде штаб төрағасыТ.Даргужиев пен штаб мүшелері А.Ойшыбаева, А.Мурадимова, Ғ.Каналиев кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына кеңінен тоқталып, бағдар­ла­мада халықтың әл-ауқатын арт­­тыру, білім беру, медицина сапасын жақсарту сияқты басым бағыттар нақты көрсетілген жеткізді.

Кездесу соңында Ғ.Каналиев тұрғындарды 20 қараша күні өтетін президенттік сайлаудан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

#Toqaev2022

0
0
194

Штаб мүшелері Жырақұдық ауылы тұрғындарымен кездесті

Штаб мүшелері Қ-Ж.К.Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сайлауалды бағдарламамен танысқан ауыл тұрғындары алда тұрған жауапты дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтып, өз ұсыныстарын білдірді.

#toqayev2022

0
0
174