Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті.

📷Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті.

📷Спикер өз сөзінде министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, қоғамдық саясатты дамыту туралы өз пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты басымдықтарын жүзеге асыруға егжей-тегжейлі тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

📷Еске сала кетейік, Жас саясаткер мектебіне қатысу үшін конкурстық негізде еліміздің барлық өңірінен 50 адам іріктелді. Олар 5 күндік қарқынды оқыту курсынан өтеді. Бұл – көпшілік алдында сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару, көшбасшылық бойынша тренингтер және Қазақстанның қазіргі саяси құрылымы туралы дәрістер.

#AMANAT

0
0
218

Осы тақырып бойынша

Жас саясаткер мектебінің қатысушыларымен кездесті. - Yvision.kz