Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық қоғамдық штабының мүшелері мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті

Жиын барысында аудандық штаб төрағасы Т.Даргужиев Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы алға қойған мiндеттер жайында таныстырды.

– Сайлауалды тұғырнамада Әдiлетті Қоғам, Әділетті Экономика, Әділетті Мемлекет деп аталатын үш жақты құрылым бекітілген. Бәрімізді біріктіретін Әділетті Қоғам қағидаты Жаңа Қазақстанның іргесін бекіте түспек. Қоғамдық саяси тұрақтылық әркім үшін маңызды. Әр адам жетістікке еңбекпен қол жеткізеді. Әділетті қоғам құру жолында мәдениет қызметкерлерінің де қосар үлесі басым. Баршаңызды ел мүддесi жолында Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын, – деді Талғат Мұратұлы

Сонымен қатар кездесуде мәдениет саласындағы оң өзгерістер айтылды. Жиын соңында аталмыш сала өкілдері Қасым Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясатын және алдағы жоспарын қолдайтынын айтты.

#Toqaev2022

#ДауысберToqaev2022

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Аудандық қоғамдық штабының мүшелері мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz