Ауыл шаруашылығы - ел экономикасының күре тамыры
Штаб мүшелері ауыл тұрғындарына үміткер бағдарламасы жан-жақты таныстырып, ауыл әлеуетін көтеруге бағытталған бағдарлама бағыты жайлы таныстырды
Ауыл шаруашылығы еліміздің күретамыры саналады. Әлеумет әлеуетінің артып, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне өз септігін тигізетін - ол ауылдар. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда ауыл шаруашылығы ел экономикасының жаңа қозғаушы күшіне айналатынын айтты. Ауылдағы тұрмыстың да қаладағы секілді жайлы болуына күш салынады. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы 7 жылда ауылды жедел дамытуға басымдық берілмек. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бөлінбек, - деді штаб төрағасы Т.Даргужиев
Өз кезегінде тұрғындар да алдағы сайлаудан тыс қалматынын айтып, саяси науқан жайлы ойларын ортаға салды.
#Toqaev2022

