Ауыл тұрғындарымен және ауылындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Алғабас ауылдық округіне қарасты Жаңаөңір ауылының тұрғындарымен және аталмыш округке қарасты Сасықкөл ауылындағы шаруа қожалығы жұмысшыларымен кездесті.
Кезінде колхоз бөлімшесі болған Жаңаөңір ауылы бүгінде оннан астам түтіні бар ауыл. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Орталықтан жырақта болсақ та, алдағы науқаннан тыс қалмаймыз деп отырған тұрғындарының да ұсыныстары мен тілектері көп болды.
Штаб мүшесі Ж.Кенжебаев кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан шағын және орта бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп, ауыл тұрғындарының мәселелері бағдарламадан тыс қалмағанын жеткізді.
Штаб мүшесі Ә.Бахтияров мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға бар күш-жігерін салатын болады және бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалатынын шаруаларға кеңірек түсіндірді.
Штаб мүшелері ауыл тұрғындары мен шаруаларды толғандырған жайылымдық жер, байланыс, табиғи газ, электр жарығы сияқты мәселелерге қатысты сауалдарына толыққанды жауап беріп, ұсыныстардың ескерілетіндігін жеткізді.
#Toqaev2022

