Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Aудандық қоғамдық штабының мүшелері білім беру саласындағы ұстаздар әулеттерімен кездесті

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында Біз педагог мәртебесін көтеруге арналған жұмысты жалғастыра береміз. Мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады. Олар өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстың бәрінен босатылады. Ұстаз атты ардақты ұғым жоғары мәртебе мен биік парасаттың синониміне айналады, ұстаздар мен дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын іске қосамыз деген болатын. Білім беру саласы мамандарының жалақысы жыл сайын өсуде. Білім беру мәселесі ешқашан күн тәртібінен түспеген, - деді штаб төрағасы Т.Даргужиев

Жиын барысында сөз алған ардагер ұстаздар Ким Николайұлы Федянин мен Ғилаж Молдашұлы Қаналиев өздерінің естеліктері, өмір жолымен бөлісіп, Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын қолдайтындарын жеткізді.

Кездесу барысында сайлауалды бағдарлама бойынша басқа да қатысушылардан пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды. Әсіресе, Мемлекет басшысының педагогтар мәртебесін көтеру туралы бастамалыр кеңінен талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша штаб мүшелері алдағы сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
142

Осы тақырып бойынша

Aудандық қоғамдық штабының мүшелері білім беру саласындағы ұстаздар әулеттерімен кездесті - Yvision.kz