Перейти к содержимому

Новое

Эфталиттер туралы

Кезінде эфталиттер мемлекеті (кейде "ақ ғұндар" деп аталады) қазақ даласынан бастап Үндістанның солтүстігіне дейінгі аумақты алып жатты.

0
0
5874

Әбубәкір Диваев туралы

Біздің қазақ халқы естек деп айтатын башқұрт арасынан екі халыққа тең талай адам шыққан, тіпті, кейде үш жұртқа (қазақ, татар, башқұрт) ортақ тұлғалар да бар. Мысалы, Ақмолда, Сәдуақас Ғылмани сияқты. Сосын Башқұрстанда туған, тегі татар, жүрегі қазақ Машқар Гумеровтың шығармалырын ерекше жақсы көремін.

Айтқандай, башқұрттармен байланыста болған Алаш қайраткерлерінің бірі туралы бөлек жазармын.

Сол сияқты башқұрт арасынан шыққан, бірақ, патша үкіметіне қызмет етті десек те, өмірін түркі халықтарының салт-дәстүрі мен этнографиясын зерттеуге арнаған Әбубәкір Диваевтың шығармашылығы керемет.

0
0
5629

Ғазиз Әмірханұлы әкеміз туралы

Атам қазақта «әкесі достың баласы дос» дейтін аталы сөз бар. Иә, менің де әкемнің өзімен сыйлас әрі құрдас жандарының бірі Ғазиз қажы Әмірханұлы болатын. Ал, өз ретінде Ғазиз әкеміздің баласы Шоқан қажыны қатты құрмет тұтамын.

Ел ішінде Ғазиз Әмірханұлының игі істері туралы бұрынан жазылып та, айтылып та жүр.

0
0
4968