Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 мамыр — Қазақстан Халқының Бірлігі күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының делегаты А.Ахметованың төрағалығымен өткен отырыс ҚР Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіне арналды.
Басқосуға «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы, қалалық мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктірінің жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.
Талқылау кезінде «Әлем. XXI ғасыр» Манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжат мәртебесіне ие болғаны ерекше аталып өтіп, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік тақырыбына қатысты өзекті мәселелер талқыға салынды.
Татар-этномәдени бірлестігінің мүшесі Фатима Мукашева: «Біз этномәдени бірлестіктердің басшылары ретінде Қазақстанымызда әрқашан ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің болуын қалаймыз, сол себепті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұлттарға қатысты саясатын қолдауға келіп отырмыз» - деді.
Кездесу соңында қалалық мәслихат депутаты Мамиля Мұсабекова: «Мәңгілік ел» - патриоттық актісі көпұлтты Отанымыздың гүлденуі мен дамуының негізі болып табылады» - деп өз сенімін білдіре келе, этномәдени бірлестіктер мен партия мүшелері патриоттық актінің халық арасында таралуы және насихатталуы мақсатында бірлесе жұмыс жасау қажеттілігі туралы айтып өтті.


1
0
1064

Осы тақырып бойынша

1 мамыр — Қазақстан Халқының Бірлігі күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. - Yvision.kz