1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.
Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
