Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадамда» мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені айтылған

Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері осы тапсырманы тиянақты орындауға кіріскен. Бүгінде әр ауылдарда белсенді, білімді жас мамандар жұмысқа тартылып, елді мекендердің гүлденуіне үлес қосып жүр. Бақыт Жұманбаева мемлекеттік қызметте жүргеніне 16 жыл. Ол әуелгі жұмысын ауылдық әкімдікте қарапайым маманнан бастаған. Сол кезден ауылдың дамуына күш салған. Уақыт өте еселі еңбегімен елге елеулі болып, лауазымы көтерілген. Міне бүгінде Бақыт Сағындыққызы өзі туып өскен ауылдың әкімі.

Басшылыққа келісімен ол іскерлігін одан әрі ширата түсті. Сол тынымсыз жұмыстың жемісі болар бүгінде ауылда бос жүрген жан жоқ, бәрі елді мекендегі 14 өндіріс орынында еңбек етеді. Халықтың үдесінен шығу оңай шаруа емес. Мәселен ауылдық окрукте жұртшылық саны 10 мыңнан асады. Тұрғындардың сан-сауалына жауап беріп, өтініштерін орындауға мұндағы қызметкерлер барын салады. Өйткені халыққа қызмет абыройлы міндет.

kaztv.kaztrk.kz

0
0
466

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадамда» мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені айтылған - Yvision.kz