12.11.2020 «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ХХХ кезектен тыс Конференциясы өтті.
Конференция күн тәртібіне сай: «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасы бекітілді; Алматы облыстық филиалының мәслихатына пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс берілді. «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Талдықорған қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. Қалалық сайлауалды штаб төрағасы, орынбасарлары мен штаб құрамы бекітілді. Конференцияға Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Ғ.Әбдірайымов, қалалық партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаев және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Праймеризде жоғары дауыс жинаған 16 кандидат мәжіліс және облыстық тізімге үміткер ретінде өзара ашық пікір таласқа түсіп,нәтижесінде басым дауыс жинаған 8 кандидат облыстық конференцияға жолдама алды.Сонымен қатар, делегаттардың дауыс беруі,қажетті техникалық жабдықтармен жасақталған 6 кабинкада берілді. Конференцияға қатысушылар алдын ала сынама тестін (ПЦР) тапсырып,жиын барлық санитарлық нормаларға сай өтті.
