Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

17110 гектар жер учаскесі қайтарылды

Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып, өткен 2022 жылы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланған 27 шаруа қожалығынан барлығы 17110 гектар жер учаскесін (жайылымдық – 12117 гектар, шабындық – 1800.0 гектар, егістік– 3155.0) анықтап, мемлекет меншігіне қайтарып отыр. Сонымен қатар 8 жер пайдаланушыға қатысты 5125 га ауылшаруашылығы жерлерін пайлаланудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолдап отыр. Жалпы партия филиалы жанындағы комиссияның басты мақсаты пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару процесін қоғамға ашық ету немесе ел игілігі үшін тиімді де мақсатты пайдалануды жүзеге асыру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.Жуырда комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды.Аталған сервис мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізуге, оның қайда орналасқанын, контурын анықтауға, сондай-ақ ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.Барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефонына хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

#AMANAT

0
0
292

Осы тақырып бойынша

17110 гектар жер учаскесі қайтарылды - Yvision.kz