19 қаңтар күні діндар христиандар « Құдайға шоқыну » мейрамы қарсаңында салқын суға түсіп, күнәларынан тазарды. Дәл осы күні қазақтардың ойықтағы салқын суға түскені дұрыс па әлде бұрыс па?

Жыл сайын қаңтардың 18-нен 19-ына қараған түні діндар христиандар құлшылық етіп, дұға жасайды. Мейрам тойлау қарсаңында құлшылық жасаумен қатар, түнде ойықтағы мұздай суға шомылады. Ойықтар жанында дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметі суға түсуге келген адамдарды бақылауға алады.
Қазіргі кезде мұздың қалыңдығы 25-40 см құрайтынына қарамастан және төмен температура белгіленгеніне, ол әрі қарай үдеуіне байланысты, (мұз астына адамдардың кетуі) төтенше жағдайларды болдырмауға облыс азаматтарына қауіпсіздіктің төмендегі шаралары көзделуі қажет:
- Мұзға кіруде және шығуда адамдардың көпшілік тобымен жиналмауы, көптеген адамдар бір уақытта кездеспеуі;
- мұзға ұйымдасып шықпауы, «иордани» немесе «шомылу» ауданында көп санда жинақталмауы;
- мұзда болу зонасынан, яғни жағадан 25-30 метр көбірек шеткері шықпауы;
- судың массалық жиналуы болған «иордани» ауданында ағаш стеллажы немесе басқыш қойылуы;
- жабдықталған баспалдақпен суға түсу, мұз түбіне кетпеу, құлау немесе жарақаттану жағдайы болуда тор тартылған метал кәрзеңкемен немесе ағаш басқышпен жабдықталған түбі бар орындарда шомылуы тиіс;
- «шомылу» ашық ойығынан тыс жерде шомылуға тиым салынады: - бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған ескерту, сақтандыру сипатындағы хабарландыру, мақалалар, жаднамаларды ынталы түрде оқуларыңыз қажет.
Егер сіз салқын суға түсуді жоспарласаңыз, жоғарыдағы нұсқауларды ұстанып, өзіңізді іштей дайындасаңыз абзал.
Бұл жылы Қазақстанның көптеген қалаларында өжеттік танытып, салқын аяздан сескенбей ,ойықтағы суға сүңгіп шыққандар қатары көбеюде. Алайда тек діндар христиандар ғана емес салқын суға түскен қазақтардың саны да артып келеді. Олардың айтуынша , ойықтағы суға шомылу жай ғана ермек, оның мейрамға еш қатысы жоқ . Шытынаған аязды күні салқын суға түсу ерекше адреналин , денсаулыққа да пайдасы да мол . Бастапқы сәтте қатты тоңып дірілдей бастайсын, бірақ та бірнеше уақыт өткен соң денең қайта жыли бастайды . Жан дүниең тазалыққа толып, қайта туылған сәбидей ерекше сезім ұялайды. Сонда салқын суға түсу тек,христиандар үшін шоқыну мейрамы ғана емес, барлық адамдар үшін қажетті күн болғаны ма?
Фото: http://slavdelo.dn.ua/ парақшасынан алдынды
