89 мың текше метрден астам су сорылды
ТЖМ және ЖАО күштерімен 89 мың текше метрден астам су сорылды, уақытша бөгендерге 2140-тан астам қап төселді. Жыл басынан бері 64,8 шақырым уақытша бөгендер және елді мекендердің айналасында 52,7 км астам біліктер салынды. 721 км жуық канал мен 2 296 км арық, автомобиль және темір жолдардың астындағы 15 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.
t.me/qr_tjm
