Аға ұрпақ өкілдерімен кездесіп, ақыл - кеңестеріне құлақ түрді
"Nur Otan" Ақмола облыстық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық және қалалық мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар еңбек ардагерлерімен кездесті. Аға ұрпақ өкілдері өздерінің де кезінде сайлауға түсіп, депутат атанып, өңір мен қалалардың дамуына ықпал еткен тұстарын еске алды және бүгінгі күні халық сенім артқан партия атынан үміткерлер қатарында жастардың көбейіп келе жатқанына ризашылытарын білдірді. "Nur Otan' партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов кезекті сайлау еліміздің тағдыры шешілетін сәт және мұндай кезде еш қателесуге болмайды. Біз келісім мен тұрақтылықты сақтай отырып, алға басуымыз керек деді. Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасында нақты бағыттарды айқындап, аймақты дамытудың жеті басымдығына мән беріліп отырғанын алға тартты. Сол себепті сенімді партиямен алға басу керек. Үміткерлердің бәрі дерлік өзінің іс - әрекетімен баршасына үлгі болып жүрген жандар. Бірі жеке кәсіп иесі, бірі халық денсаулығына немқұрайлы қарамайтын білікті маман, енді бірі жетім балаларды бауырына басқан аяулы ана, енді бірі қайырымдылық жасау арқылы халықтың ықыласына бөленген Атымтай жомарттар. Олар нағыз істің адамдары, сенім артуға болатын, сөзінде тұратын жандар. Алға қойған жоспарлары үлкен. Өз сөзінде Ғалым Мәдешұлы аға ұрпақ өкілдеріне облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттарды жеке таныстырып, олардың мақсаты мен міндетін алға тартты. "Nur Otan" партиясымен бірге халықтың жағдайын жақсартуға жастардың үн косуы болашаққа еш алаңдамауға болатынын білдіреді. Бұл саяси ұйымның бастамасымен жүзеге асып жатқан "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жыл сайын ақмолалықтарға 300 пәтер беріледі. Жетім балалар 20 пайыз баспанамен қамтылып отырады. Бүгінгі таңда мың жетім бала үй кезегінде тұр. Бұл мәселе кезең кезеңмен оң шешімін таппақ. Ақмола облысы тұрғын үй құрылысы және инвестиция тарту бойынша елімізде 5-ші орында тұр.
Осы және тағы да басқа ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер ортаға салынған кездесуде еңбек ардагерлері Көкшетауды көгілдір отынмен қамту, жылу электр орталығын салу тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру мәселелерін қозғады. Алда аткарылар істер көп, сондықтан біз, аға ұрпақ өкілдері сіздерге сенім артамыз және жеңімпаз партиямен жақсы істер атқарып, ел игілігі жолында адал қызмет ететіндеріңізге сенім артамыз деді.
https://www.facebook.com/kokshe.nurotan/posts/787933475399280
