Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысындағы балалар ұйымдарына 84 мыңнан астам жасөспірім қатысуда

Сарапшылардың айтуынша, ТМД-дағы ең алдыңғы қатарлы бағдарламалардың бірі - «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүріп жатырмыз» бағдардама-жобасы жөнінде Ақмола облысы Білім басқармасының бас маманы Марина Ли әңгімелеп берді.

Бүгінде Қазақстан балалар қоғамдық бірлестіктерінің қатарында көшбасшы. Отандық тәжірибесінің соншалықты ерекшелігіне көптеген елдер қызығушылық танытты.

«Жаһандық қауіп-қатерлер мен тәуекелдер кезеңінде өмір сүріп жатқан жаңа ұрпақ белсенділіктің артуымен және әр түрлі қызығушылықтармен сипатталады. Қойылған міндеттерді орындау және шешу күш-жігерді біріктірген кезде ғана мүмкін, сондықтан балалар мен жасөспірімдердің өздерінің көшбасшылық қасиеттерін және ұйымдық дағдыларын көрсетіп, ересек өмірде пайдалы болатындай білім мен дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік жасайтын балалар мен жастар ұйымдары мен қауымдастықтарының рөлі маңызды», - деді Марина Ли.

Бүгінгі күні Ақмола облысында «Жас Ұлан», «Жұлдыз», ерікті мектеп клубтары «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» және тағы басқа көптеген балалар ұйымдары жұмыс істейді. Балалар қозғалысына 84 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысуда.

Сонымен қатар, «Жұлдыз» қозғалысының орталығы Ақмола облысы болды және солай қала бермек. Одақтың тәжірибесі мен бастамалары басқа салаларға да қатысты. С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтында Елена Дмитриенконың жасаған жобасының бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Сарапшылардың пікірінше, бұл ТМД-дағы ең жақсы бағдарламалардың бірі.

«Жоба кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық деңгейін, девиантты мінез-құлықты балалар санының азаюына әкеледі. Балалар мен жасөспiрiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң деңгейi артады, «балалықтың аумағын» кеңейтуге бағытталған балалар бастамалары банкi құрылады. Және көптеген басқа бастамалар қолға алынады», - деді Ақмола облысының білім басқармасына.

Мысалы, Бурабай ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай Республикадағы балалар қоғамдық қозғалысын біріктіру мақсатында «Біз - сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» форумы өтті. Форумға Қазақстанның және Ресейдің балалар қоғамдық бірлестіктерінің 180 жетекшісі қатысты. Бұл шара балалардың әлеуметтік қозғалысын жандандыруға, балалардың мемлекет пен қоғам өміріне қатысуына бағытталған балалар әлеуметтік бастамаларын дамытуға мүмкіндік берді.

0
0
532

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысындағы балалар ұйымдарына 84 мыңнан астам жасөспірім қатысуда - Yvision.kz