Ақоба ауылдық округінің мәдениет,білім беру саласы және ауыл тұрғындарымен кездесті.
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Ақоба ауылдық округінің мәдениет,білім беру саласы және ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуді аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Б.Қуанәлиев және Е.Илемесов қатысып кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарына күнделікті куә болып жүрміз. Әрбір іс тиянақты түрде жүзеге асуда. Жыл сайынғы жолдауларында әрбір ел азаматының жүрегіне жететін жобаларды ұсынады. Сайлауалды бағдарламасының “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін” деп аталатынын түсіндіріп, сайлауда белсенділік танытуға, ауыл тұрғындарына бұл істе үлкен жауапкершілік жүктелетінін тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз алған Н.Жакин қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстанды құруды көздейтін реформаларды жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет екенін айтты.
#Toqaev2022
