"Ақоба" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті
Ақоба ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы "Ақоба" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

