«Ақпараттық Қазақстан — 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасының негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.
Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.

Әлемде мынадай үрдістер байқалуда:
- АКТ-ның ықпалымен барлық қоғамдық институттар мен адамның қызмет ету салаларының өзгеруі;
- Заманауи технологияларды әзірлеу, өндіру және енгізудің барлық салаларында алға басу;
- Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың міндеттеріне бара-бар дамыған ақпараттық ортаны қалыптастыруға ұмтылу;
- Халықтың ақпараттық қорларға тең құқылы кепілдендірілген қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Барлық деңгейдегі азаматтарды, қоғамдық институттарды, мемлекеттік билік органдары мен бизнесті ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүруге дайындау.

Ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ тәрізді дамыған елдерде әзірленіп іске асырылуда.
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Дамыған мемлекеттердің стратегиялар мен бағдарламаларын талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады.
Біздің елімізге ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек.
Сондықтан, ақпараттық қоғамға көшуге ықпалдастық жасайтын барлық қажетті жағдайларды жасау үшін және Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметік жаңғырту: Жалпыға ортақ қоғамдық еңбекке қарай жиырма қадам» атты 2012 жылғы 10 шілдедегі мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Ақпараттық қоғамды құрудың халықаралық тәжірибесіне және жоғарыда аталған құжаттардың ережелеріне сүйене отыра Бағдарламаның төрт негізгі бағыты анықталды:
- мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қоғамды әлеуметтік-экономикалық және медени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру;
- отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасының негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.
Бағдарлама міндеттері:
- Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.
- Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
- Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.
- Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
- Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
- «электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
- Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
- Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
- Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
- елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі – 4%;
- Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
- Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
- Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
- Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
- Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
- Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Нарық саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра бизнес-үлгілерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, ең алдымен жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық технологиялар, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
Адами капиталды дамыту
2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар таралуының жоғары деңгейі және Интернеттің экономика, мемлекеттік басқару, азаматтардың күнделікті өмірі мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Алайда, тар мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті арттырусыз телемедицинаға көше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және тағы сондай сияқты.
Білім мен ғылым саласы
Орта білім мекемелерінің білім беру процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
- білім беру барысында АКТ-ны пайдалану әдістемесі бойынша оқытушылар үшін АКТ бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;
- мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау.
Жоғары оқу орындарының оқу процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
- ЖОО-лар жанында студенттердің ғылыми жұмыстарын іске асыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларды ашу.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Білім беру процесстерін электрондық форматқа көшіру қарастырылады: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, оқушылардың өзара араласуы, барлық, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында оқушылар мен оқытушылардың өзара жекелеген қарым-қатынас жасауы; білім беру процессіне мамандықтар бойынша нақты бір кәсіби қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдері мен қосымшаларды тәжірибелік пайдаланудың негізгі машықтарына оқытуды енгізу.
Денсаулықты сақтау
Ақпаратттық технологияларды денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық жәрдем көрстудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске қосылып отыр. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды.
ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Емханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлы емделушілердің электрондық тіркелімі»), Дәрігерлік-санитарлы көмектің ынталандырушы құраушысы» порталдары жұмыс істейді.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Электрондық коммерция
Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлем мемлекеттерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4% құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шеткі салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі.
Әлемдік саясат көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санынан 20% артық болатын индустрияға айналып отыр және бұл 2-3 жылдай жалғасады.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Өнеркәсіп
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн.теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7% - ға жоғарлады.
Бүгінгі таңда ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс саны 1 848 құрайды.
Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң өсіңкілігіне қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің төмен деңгейін атап өту қажет.«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Агроөнеркәсіп
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «E-Аgriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхат жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметін автоматтандыру мен 4 лицензияны беру жүргізіледі.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат қағазын береді, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 милионнан асты.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Экология
Қазіргі уақытта Қазақстанда атмосфераға газ және қатты түрдегі улылығы жоғары заттар көптен шығарылуда. Әр түрлі стационарлық көздерден шыққан қалдықтарының санын салыстыратын болсақ, оның шамамен 50 % жылуэнергия көздері, ал 33 % - тау-кен және түрлі-түсті металлургия саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын ластайтындардың тағы бірі – автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды қалдықтар, әсіресе, қалаларда, 25-тен 50 %-ға дейінді құрайды.
Туризм
2007-2010 жылдар бойы саланы дамыту Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына негізделді.
Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы бірқатар заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде шетелдерде Қазақстанның имиджін, оның ішінде ақпараттық насихатты қалыптастыру жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн. Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейне роликтерді жасау және жүргізу, ірі туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы басты имиджді оқиға Астанада 2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туристік ұйымдардың (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сесссиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен 700 астам делегат, ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - 2013-2017 жылдар;
2 кезең - 2018-2020 жылдар.
Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады.
Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді.
«Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасы
Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.
