Ақсай қаласының тұрғыны 30-шы бағыттағы автобустың санын көбейтуді сұрап хабарласты
«Nur Otan» партиясының Бөрлі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының тұрғыны 30-шы бағыттағы автобустың санын көбейтуді сұрап хабарласты. Өйткені автобусқа қарбалас уақытта адамдардар сыймай, бірнеше сағат күтуге мәжбүр. Көліктік компаниялары алдында осы мәселені көтерген Бөрлі аудандық мәслихатының депутаты Нұрия Муфтееваның араласуынан кейін аталған бағытқа қосымша автобустар берілді. ⠀ Сонымен қатар, Сырым аудандық мәслихатының депутаты Шынар Дүйсенғалиеваға Түркіменстан Республикасының тумасы, зейнеткер жүгініп, тұрғылықты мекен-жайға тіркелу мәселесі бойынша көмек сұрады. Бұл кісі денсаулығына байланысты шет елдерге шыға алмайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда туыстарымен тұратын Тұрлыбекова Роза зейнетақы рәсімдей алмай жүр. ⠀ Мәселені шешу үшін «Nur Otan» депутаты Нұр-Сұлтан қаласына арнайы барып, Түркіменстан Республикасының елшілігіне хабарласып, құжаттарды алып оларды аудандық көші-қон полициясында ресімдеді. 13 мамыр күні өтініш берушінің барлық құжаттарына қол қойылып, аудандық көші-қон полициясында тіркелді. ⠀ Қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне «Бикард» ҒӨ-да 1991 жылдан 1994 жылға дейін жұмыс істеген Орал қаласының тұрғындары хабарласты. Бұл кісілер еңбек кітапшасында ҚазССР мөрі басылғандығына байланысты 4 жылы еңбек өтілі ретінде есептелмеген. Олар осында жұмыс істеген жылдарын растайтын анықтама алуға көмектесуді сұрады. Бұл мәселені қалалық мәслихат депутаты Светлана Бахишева шешуге көмектесті. ⠀ Жалпы, 2021 жылдың басынан бері БҚО-ның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1949 өтініш келіп түсті, оның 38%-і оң шешімін тапты, 61%-не түсініктеме берілді және 1%-і орындалуда. @nur_otan @baibekbk @jas_otan ⠀ #NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021
