Ақ сезімім шіркін-ай, саған шексіз...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Autumn Rose”
Бейнематериал авторы –
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Ақ сезімім шіркін-ай, саған шексіз,
Ұмытшы деп айтуға, еркім жетпес.
Жүректегі сырымды, көзім айтып,
Тұрған жоқ па, түсінбеу, мүмкін емес.
Айта алмаймын шіркін-ай, сүйгенімді,
Бар ойымды, көңілімде түйгенімді.
Тағдыр солай, жазды мекен, күтуді,
Айналдырып күзге, мынау көктемді.
Қызғанамын, қайтейін, қызғанамын,
Білемін ғой, қызғану, жақсы емес.
Жырға салып, әндетіп, мен жатсамда,
Бар мұңымды айтуға, әнім жетпес.
Көп талпындым үзуге, күдерімді,
Кім біліпті, осынша күтерімді.
Қайран жылдар, жалғаған үмітімді,
Кешірерсің, сен деп тұрған, көңілімді.
