Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

АҚШ-та автокөлік өтетін көпір құлады

АҚШ-тың Балтимор қаласында ұзындығы 2,5 шақырым болатын автомобиль көпірі опырылып түсті. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, соның алдында ғана оған жүк көлігі келіп соғылған.

Жергілікті шенеуніктердің мәліметі бойынша, оқыс оқиға салдарынан көпірден бірнеше көлік құлапты. Кем дегенде, жеті адам суға түсіп кеткен.

Әлеуметтік желіге салынған бейнежазбаға қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 1:30 шамасында дәу кеме көпірге келіп соғылған. Содан өртеніп, суға батып кетеді.

MarineTraffic-тің мәліметі бойынша, көпірге соғылған 300 метрлік Dali контейнер тасығышында Сингапур туы болған. Ол Коломбоға (Шри-Ланка) қарай бағыт алған. Контейнер тасығыш Maersk ірі кеме қатынасы компаниясына тиесілі.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

0
0
242

Осы тақырып бойынша

АҚШ-та автокөлік өтетін көпір құлады - Yvision.kz