Aқсу аудандық филиалының атқарушы хатшысы К.Даулетбекова АҚ "Қазақтелеком" ұжымымен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты - мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ.БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын көпшілік арасында насихаттау.
Өз сөзінде биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әр тараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру, сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына және Жолдауда айтылған бес бағдар бойынша жеке-жеке тоқталып өтті. Партияның мақсаты - қоғам дамуын, мемлекеттің өркендеуін қалыптастыру. Осы жолда ірі саяси құрылым аянып жатқан жоқ. Мемлекет басшысы Жолдауында ел өркенін кеңге жаюға бастамашыл болатын міндеттер жүктеп отырСол міндетті әрбір қазақстандық бірлесіп атқаруы тиіс, - деді.
