Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақсу ауданы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 90 жасқа дейін арттыру көзделіп отыр

.Ақсу ауданына арнайы барған біз ауыл ақсақалы және құрметті азаматы 83 жастағы Байдалин Кеңесбек ағаның үйіне бас сұқтық.Өмірі өнегеге толы қартымызбен мәнді әңгіме-дүкен құрып, Ақсу ауданының дамуына қатысты бағдарламаның жай-жапсарына тоқталып өттік.Айта кетер болсақ, аудандағы медицинаның сапасын жақсарту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, одан бөлек, жастар мен жұмыссыздық мәселесі, баспанамен қамту сынды мәселелеріне баса назар аудардық.Мәселен, алдағы бес жылда аудан бойынша 6 дәрігерлік , 12 медициналық пункт, фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, 9 мекемеге күрделі жөндеу жүргізілмек.Сондай-ақ, медмекемелер компьютерлік томография, велоэргометр, ауданның дәрігерлік амбулаториялары үшін ЭКГ 12 каналды аппараты сынды жабдықтармен толығатын болады.Ескере кетер жайт, біз ат басын бұрып, үйіне арнайы барған Кеңесбек аға аудан игілігі үшін ондаған жылдар бойы жемісті қызмет етіп, бар ғұмырын халқы үшін еңбек етуге жұмсаған.Ел жағдайын жақсы білетін қария біздің әр сөзімізді мұқият тыңдап, өз ұсыныстары мен талап-тілегін де жеткізуді ұмытпады.Кездесуде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.#NurOtan #Алматыоблысы #NurOtan2021 #JenimpazBo

0
0
128

Осы тақырып бойынша