Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақсулықтар қайыр қылды

Жан-жағында тұрмысы төмен, жағдайы ауыр кісілерге қол ұшын созып, ауылдың түрленуіне, түлеуіне атсалысады. Ауылында, туған жерінде қажеттілігі көп, жағдайы төмен кісілер болса, азаматына сын. Бұл нақылдың астары қайырымдылыққа тіреледі. «Nur Otan» партиясы сапында өлкесінің жайқалуына, сол өлкенің тұрғындарының жайнап жүруіне атсалысатын, нағыз патриоттар бар. Сол ұлтжанды, мемлекетшіл кісілер қайырымдылық акцияларын әрдайым жандандырып жүреді. Ақсу ауданына қарасты "Қарашілік" БПҰ төрағасы Ы.Ғазизұлы мен бастауыш партия мүшелері аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларының жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау мақсатында 2 отбасына көмек көрсетті. Мұндай қолдауға жұртшылық разылығын білдірді.

0
0
122

Осы тақырып бойынша