Ақтөбе облысында 4 жасар бала үйінен 150 метр жердегі қардың суына тұншығып өлді
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында кішкентай бала еріген қар суына құлап, тұншығып өлді. Оқиға кеше түскі кезде болған.

«Еріген қар суы жиналған жерде екі бала ойнап жүрген. Сол кезде 4 жасар бүлдіршін шалшық суға құлап, тұншығып өледі. Екінші бала аман. Ол жердің суы терең емес, 15 сантиметрге дейін ғана. Ал жиналған су балалардың үйінен шамамен 150 метрдей қашықтықта болған», – деп хабарлайды Байғанин ауданының әкімдігіндегілер.
Бүлдіршіндер бір үйдің балалары емес. Бірақ әкелері айғайынды.
https://t.me/diapazonnews
