Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті.

undefined

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.

Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев. 

Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.

Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.

kaz.inform.kz

0
0
209

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты - Yvision.kz