Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ақтөбелік құтқарушылар боранды күнде көлікке жол көрсету үшін 18 шақырымға жаяу жүріп барды

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің бірнеше қызметкері қарияға көмектесу үшін көліктің алдына түсіп жүгірді. Олар 18 шақырым қашықта орналасқан ауылға жаяу барды.

Ақтөбе облысында боранды күні шақыртуға жаяу барған төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің аты-жөні түгел белгілі болды.

Олар: Мұғалжар ауданы № 8 өрт сөндіру өлімше командирі Н. Тәжіғұлов, бөлімше командирі Д. Шамаков, қарауыл бастығы А. Әли, өрт сөндірушілер Е. Марат, А. Құсайынов және Ж. Сұлтамұратов, А. Сағындық, А.Жалғасов.

Олар кеше Қандыағаш қаласынан Басшилі ауылына жаяу барды. 18 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда қарияның денсаулығы сыр беріп, көмек сұраған соң шұғыл жолға шыққан.

"7 ақпан күні сағат 8:00 шамасында Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы өрт сөндіру бөлімінің 112 телефон нөміріне Басшилі ауылынан көмек сұрап хабарласады. 75 жастағы әже ауырып, Қандыағаш қаласына жеткізу керек болды. Хабарлама алған бойда өрт сөндіру бөлімінен «Трэкол» жол талғамайтын автокөлігі шығады. Онда 6 құтқарушы отырдық. Басшилі ауылы Қандыағаш қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Кеше ауа райына байланысты жол көлінісі нашар болды. Біз 2-3 құтқарушы болып жаяу жүріп, «Трэколға» жолды көрсетіп отырдық. Сол ауылға 18 шақырым жүріп барып, жүріп кері қайттық. Әрбір 1-1,5 шақырым сайын ауысып отырдық. Өзім 3 жылдан бері өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп жатырмын. Мұндай жағдай бізде болмады", — дейді қарауыл бастығы Ақдәулет Әли.

Бұл оқиғаның видеосын мына жерден көруге болады.

kaz.inform.kz

0
0
139

Осы тақырып бойынша

Ақтөбелік құтқарушылар боранды күнде көлікке жол көрсету үшін 18 шақырымға жаяу жүріп барды - Yvision.kz