Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ақтөбенің аязында балабақша бүлдіршіндері далада жалаңаяқ жүгіріп жүр

Әлеуметтік желіде балабақшадағы балалардың аязды күні далада жалаңаяқ жүгіріп жүрген видеосы тарады.

Бұл видео Ақтөбедегі №40 "Балдәурен" балабақшасының Instagram-дағы парақшасына салынған. Қар кешіп, мәз болып жүгіріп жүрген бүлдіршіндер - осы мекеменің тәрбиеленушілері.

Бұл бейнероликке желі қолданушыларының басым бөлігі сүйсіне қараған. "Керемет! Мен де балаларымды берер едім!", "Қандай керемет балабақша!", "Жарайсыңдар! Мен де қосылып жүгіргім келіп кетті" деп жазған олар.

Ара-тұра қарсы пікірлер де кездеседі. Олар бүлдіршіндер мынадан кейін ауырып қала ма деп алаңдаулы.

Оларға балабақша өкілдері былай деп жауап жазыпты:

"Қар кешіп жүгіруге және төбеден суық су құюға әзірлік жазда басталады. Балалар сондай дайындықтан кейін ғана қардың үстіне жіберіледі".

0
0
476

Осы тақырып бойынша

Ақтөбенің аязында балабақша бүлдіршіндері далада жалаңаяқ жүгіріп жүр - Yvision.kz