Ақтау қаласы депутаттарының мектептердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді
Күздің екінші айының ортасы жылу қазандықтары қосылады. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларындағы жылу қазандықтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Алия Жетібаева, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Гулнар Тасболатова, «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Нұрсулу Сейдалыева, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Съезбек Карипов, қалалық филиал кеңесшісі Мадияр Қалиасқаров қаладағы бірнеше мектептердің жылу беру маусымына дайындығын қарап шықты.



