Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды

2021 жылдың 02 маусым күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, көліктік бақылау инспекциясының, «КазАвтоЖол ҰҚ» АҚ облыстық филиалының, жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері жүргізушілердің талап-наразылықтарын тыңдап, келтірілген аргументтерге құзырлы органдардың басшыларының жауабын қаперге алып, келесі ұсыныстарды ортаға шығарды:

1. Ақтөбе-Орал бағыты бойынша жол сапасы ақылы жол енгізуді көтермейді.

2. Жол ақысын енгізу кезіңде төленетін ақы бойынша әрбір көлік түрлеріне немесе шақырымдар бойынша негіздері келтірілген ақпаратты халыққа жеткізу (төлемақыны қайта қарау) бойынша нақты жұмыстар жасалуы қажеттігін.

Жүргізушілер жалпы барлық жолдар бойынша ақы енгізуге қарсы екендерін білдірді.

Комиссия өз тарапынан «КазАвтоЖол ҰҚ» АҚ филиалының басшысына аталмыш мәселені тұрғындар арасында қоғамдық тыңдау өткізбей, талқыламай, ақпараттық жұмыстың нашарлығынан осындау толқулар орын алып отырғандығын баса ескертті.

Nur Otan Бауыржан Байбек

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
187

Осы тақырып бойынша

Ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды - Yvision.kz