Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні

"AMANAT" партиясы фракция мүшесі ретінде аудандық мәслихат аппараты ғимаратында, аудандық мәслихат аппараты және аудандық жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, 5 маусымда өтетін республикалық референдумды қолдау мақсатында, түсіндіру жұмысын жүргіздім. Конституциялық референдум -жалпы халықтық деңгейде өткізілмек. Бұл мемлекет басшысы айтқан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының бірден -бір дәлелі. Президент ұсынған конституциялық реформалар бүкіл елдің болашағы үшін маңызды, сондықтан да еліміздің болашағы үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды тарихи шараға белсене қатысып, 5 маусым күні өз таңдауларыңызды білдіруге шақырамын. Кездесуге жиналған қызметкерлер өз тараптарынан Президент бастамасын қолдайтынын, елдегі өзгеріске оң көзқараспен қарайтынын айтып, саяси науқанға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

0
0
229

Осы тақырып бойынша

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні - Yvision.kz