Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңес отырысы
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Аграрлық секторды дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы Мейіржан Хабидің төрағалығымен отырыс өткізіліп, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен қатар, тиісті мемлекеттік мекеме басшылары қатынасты.
Отырыс күн тәртібіне сай Жәнібек аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Искаков және Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов сайлауалды бағдарламасында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Отырысты қорытындылаған Біржан Қуаналиев қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, осы міндеттерді іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру қажеттілігін баса айтты.

