Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ал сен кім болғын келеді?

Көп ойланып, осы жолы бір мақала жариялауды ұйғардым.

Мектеп кезінде журналистикаға  аса қызығушылық танытып,қолым жүріп мақаларды жеңіл әрі қызықты жазатын балалық шағымды кейде бір еске алған сәтте,өзім бір сергіп жаңа қуат алған секілді боламын.Жоғарғы оқу орнына түскелі, мамандығыма жақын жұмыстар атқара бастадым. Қысқаша тоқталып кетітін болсам, 2012 жылы мен тұңғыш  ұлттық  университеттін бірі  Абай атындағы  Қазақ Ұлттық Педагогикалық  жоғарғы оқу орнының студенті  атандым.Әкемнің қалауы бойынша  «Туризим» кафедрасының  болашақта осы саланы дамытатын мамандық иесі болуды жөн көрдім.Қуанышыма орай бұл мамандық менің болмысыма тура келді.Туризм?ол не ?оны бітірген студенттің болашағы қандай? -, демекші түрлі сауалдар туындайтын сұрақтар менің берер жауабым біреу. Ең бастысы ол – сенің талпынысын. Қандай мамандық болмасын, егерде сен оны сүйіп әрі қалап , сол саланың гүлденуіне ат салысар болсан одан асқан бақыт жоқ деп есептеймін. Туризм кафедрасына түскелі менің өмірімде талай қызықтар болды. Әрине студенттік шақ қайталанбас ,мәңгі есте қалар шақ емес пе?Айтқым келгені, бұл саланың қыр сыры мол.  Эскурсовод маманы, тур менеджер , гид  атанатын   жас түлектердің ел болашағының дамуына қосар үлесі зор. Экскурсовод маманы ,тыңдаушы экскурсанттарға қосымша ақпарат бере қоймай , сол түсіндіріп жатқан нысанның ,уақиғаның мазмұның жан жақты ашуы тиіс. Ол үшін ,  әр қилы салада білімін жеткілікті болу керек.Тек қана география мен биология ғана емес, тарих,әдебиет,философия, психология ,музыка, архетектура және т.б  осындай салалардын туризм мамандығымен байланысы тығыз.Сүйікті ұстазым қалжындап, туристер ол- қаңғыбастар деп атайды. Иә, шынайы қарайтын болсақ біз үнемі ізденіс үстінде боламыз. Төменде жазылған мақалаларымда біздің саяхаттауымыздың көрінісін көре аласыздар. Өкінішке орай бұл тек қана үлкен кереметтің  бір үзігі. Ұлттық саябақтар, қорықтар ,таулы қыраттар, қалаларды аралап 2 жыл ішінде қызыққа толы саяхаттар,жорықтар жасадық.Саяхаттау- адам өміріндегі естен кетпес сәттер қалдыратын маңызды бір кезең. Саяхаттаған сайын сенің ойлау қабілетін артады, көптеген жерлерді көріп ,жаңа белестерді бағындыруға дайын боласын. Әрине биіктігі 3000 км асатын таулы белестерді бағындыру оңау шаруа емес. Оған күш жігер,ынта ,талпыныс ,шыдам ,қайрат қажет.Жорықтарға шыға жүріп, достастық  секілді ыстық сезім болады. Бауыр басып, жаңа жанұяның мүшесі боласын. Сол себепті де мен осы салада білім алып жатқанымды  өзімді бақытты санаймын.Осы сәттердің қысқаша үзінді ретінде ....

 

<iframe width="420" height="315" src="//www.youtube.com/embed/um93LWmZG2I" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>

 

1
3
1135

Осы тақырып бойынша