Қала әкімі Қоғамдық қабылдауда!
«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мамбетжанов азаматтарды қабылдады. Қалалық филиалдың қоғамдық қабылдауына тұрғын үй кезегіне тұру мен тұрғылықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2 адам жазылған.
Капанов Самат екі жылдан бері ай сайын уақытылы жалақы алатын тұрақты жұмысқа орналасауға талаптанып келеді. Көптеген жылдар бойы тұрмыстық жағдайына байланысты жұмыс істей алмаған. Осы уақытқа дейін жұбайының тапқан жалақысына күн көруге тура келген. Енді жұмысқа тұрып, нәпақа табатын мүмкіндік туғаннан бері Самат Нарынұлы тұрақты жұмысқа орналаса алмаған. Әкімнің орынбасары бұл мәселені өз бақылауына алып, жуық арада тұрақты жұыспен қамтуға уәде берді.
Капанов Самат, қала тұрғыны: «Қазір бір адамның жалақысына күн көру қиын. Отбасымды асырау үшін істейтін жұмысым тұрақты болса деймін. Алдыңғы істеген жұмыс орындарында жалақыны кешіктіріп, одан қалды тіптен аз мөлшерде берді. Сондықтан тұрақты жұмыс істеп, еңбек ету үшін «Нұр Отан» партиясының көмегіне жүгіндім. Қабылдаған қала әкімнің орынбасары жағдайымды түсініп, тез арада жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша тапсырмалар беріп, мәселемді дем арада шешті. Партияға айтар алғысым шексіз».
Қалалық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне осы сынды мәселелерімен қала тұрғынадары қабылдауға көптеп келеді. Олардың бәрінің мәселелері мұқият тыңдалып, назарға алынады. Бүгінгі күні партия арқылы жеке мәселелерінің түйіткілді шешімдері табылған келушілердің саны артуда. Бұл партияның билік пен бұқараның арасында алтын көпірге айналып, тығыз жұмыс атқарып жатқандығының нәтижесі.
