Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық «Nur Otan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді

Талдықорған қалалық партия филиалы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес өзінің іс жоспарын бекітіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстарды жүргізіп келеді. Осы тұста, бүгін Талдықорған қалалық «Nur Otan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Жиынға қалалық қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, ZOOM платформасы арқылы жыл басынан қоғмдық кеңестің атқарылған жұмыстарыдың есебі айтылды. Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің мүшесі Е.Ақболатов, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жазықбаев және бастауыш партия ұйым өкілдері қатысты. Басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиісті атқарушы және мемлекеттік органдарының лауазымды иелерінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоя отырып, яғни Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету – мемлекеттік қызметкерлерінің басты міндеті.

Осы тақырып бойынша

Қалалық «Nur Otan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді - Yvision.kz