Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алдағы 5 жылда Ақтөбе облысында 105 мың жаңа жұмыс орнын құру

Алдағы 5 жылда Ақтөбе облысында 105 мың жаңа жұмыс орнын құру, 55 кәсіпорында жабдықтарды жаңғырту және орташа жалақыны 264,2 мыңнан 320 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

📷📷

Бұл туралы Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесуде айтты. Жұмысшылардың мүддесі мен құқығын қорғау – партияның негізгі басымдықтарының бірі. Осылайша, шетелдік мамандармен бірдей біліктілігі бар қазақстандықтар олармен тең жалақы алады. Партиялықтар зиянды және қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке ертерек шығуына қол жеткізеді. Еліміздің барлық кәсіпорнында еңбек медицинасы қызметі жұмыс істейді. «Өнеркәсіп – экономиканың негізгі драйвері. Ол өңірлік жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрап отыр. Ақтөбе өңірі металлургия саласын дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие. Өңірдің жер қойнауында Менделеев кестесіндегі барлық дерлік пайдалы қазбалардың кен орындары бар. Біздің күш-жігеріміз зауыттар мен фабрикаларды қолдауға, сол арқылы азаматтардың әл-ауқатын және табысын арттыруға бағытталады», – деді РСШ мүшесі Дихан Қамзабекұлы. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Алдағы 5 жылда Ақтөбе облысында 105 мың жаңа жұмыс орнын құру - Yvision.kz