Алдадың
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Султонали Рахматов «Мелодия души»
Бейнематериал авторы – Аскаров Амир «Алдадын»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Қайтейін, оралмадың, сен маған,
Болғаның ба, қатаң маған, о жалған?
Жылайды ма, меніменен, махаббат?
Не айтқысы келеді, маған сағат?
Сағаттарым, зырылдайды тоқтамай,
Әр соғысы, сені іздеп, тұрғандай.
Тұра алмады-ау, мынау жүрек, жыламай,
Оралмастан, кеткенің бе, бұрылмай?
Қайтейін, сенсіз күнім, қараңғы,
Тұншықтырып, ауа жетпей, барады.
Сені іздейді-ау, шақырып, саябағы,
Көрген бізді, бақытқа, шақырады.
Сені іздедім, таба алмадым, ізіңді,
Баса алмадым, бұл көңілді, сезімді.
Сенсіз қалай, көремін мен күнімді,
Айта алмадым, соңғы саған, сөзімді.
