Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Алек Болдуиннің түсірілім кезінде кісі өлтіруіне реквизитор кінәлі болып шықты

Америкалық актер әрі продюсер Алек Болдуин өзінің «Тот» фильмінің түсірілімі кезінде операторды атып өлтірген болатын.

undefined

Енді осыған реквизитор Ханна Гутьеррес-Рид кінәлі деп танылды.

2021 жылы қазан айында фильмнің продюсері әрі басты рөлде ойнаған Болдуин украиналық оператор Галина Хатчинсті абайсызда атып өлтірген болатын. Әрине, ол кезде актер қарудың шынымен оқталып тұрғанын білген жоқ. Ал оны солай оқтап берген реквизитор екен.

Алек Болдуиннің өзі де абайсызда кісі өлтірді деген айыппен сотталайын деп жатыр. Бірақ енді оның қорғануға мүмкіндігі бар.

«Тот» фильмінің түсірілімі оператордың өлімінен кейін тоқтатылды. Бірақ былтыр түсіру тобы оны марқұм Галина Хатчинстың құрметіне арнап қайта түсіре бастады. Ал атқарушы продюсер ретінде оның күйеуі Мэтью Хатчинсті шақырған.    

0
0
420

Осы тақырып бойынша

Алек Болдуиннің түсірілім кезінде кісі өлтіруіне... - Yvision.kz