Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

Алматы қаласы Жетісіу аудандық сотында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сотқа келушілер арасында «Ашық есік» күні өткізді. 

«Ашық есік» күні кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева азаматтарды қабылдады. Бұл шараға аталмыш аудан тұрғындары қатысып азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері, алимент төлеу, еңбек заңнамасының бұзылуы және тағы басқа тақырыптағы сұрақтарын қойды. Кеңсе меңгерушісі сотқа келушілердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, талап арызбен жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Сонымен қатар, шығарылған сот актілерімен келіспеу жөнінде сұрақтар қойылып,  әрі қарай апелляциялық және жеке шағым беру үшін азаматтық іс жүргізу туралы заң нормалары түсіндірілді.

Одан бөлек азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған қашықтықтан сот процестерін өткізу, "Сот" кабинеті" және тағы басқа электрондық жүйелер түсіндірілді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
264

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді - Yvision.kz