Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев мерейлі 60 жасқа толды.
Өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған Сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының разылығына бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.
Халқына қалаулы, еліне елеулі азамат ретінде Сізге және Сіздің жанұяңызға бақыт, береке, шаттық тілейміз. Абыройыңыз асқақтап, қоғам алдындағы адал еңбегіңіз жоғары бағалана берсін!
Ізгі тілекпен,
«Nur Otan» партиясы
Алматы облыстық филиалының ұжымы
