Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында аумақтық партия филиалдарының кезектен тысконференциялары өтуде

Күн тәртібінде партиялықтар:

1. «Nur Otan» партиясының тиісті аудан-қала бойынша Сайлауалды бағдарламаларын бекіту туралы;

2. Алматы облыстық мәслихатына партиялық тізімге үміткерлерге дебат қорытындысы бойынша дауыс беру туралы;

3. «Nur Otan» партиясынан тиісті аудан-қалалық мәслихаттарына үміткерлердің партиялық тізімдерін бекіту туралы;

4. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХҮІІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

5. Тиісті аудан-қалалық сайлауалды штаб төрағасымен орынбасарларын таныстыру.

Аудан-қалаларда өткен 5 аумақтық партия конференциясына 208 делегат қатысып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша қаулы қабылданды. Конференция аясында праймеризде жоғары рейтинг жинаған үміткерлер арасында дебат ұйымдастырылып, 2 раундта өтіп, өңірдегі мәселелердің шешілу жолдары және сұрақ-жауап алмасу форматымен жалғасты. Артынан делегаттар дебат қатысушыларына «Праймериз» жүйесі арқылы дауыстарын беріп, дауыс нәтижелері белгілі болды.

0
0
162

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында аумақтық партия филиалдарының кезектен тысконференциялары өтуде - Yvision.kz