Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында оқушыларға «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасы көрсетіліп жатыр

7 бөлімнен тұратын фильм экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует, қандастардың Отанына оралуы сынды тақырыптарға арналған. Талдықорған қаласының маңындағы Мойнақ ауылындағы №23 орта мектепте 186 оқушы бар. Олардың жартысына жуығы шеттен келген қандастардың балалары.

«Мектебімізде 76 оқушы Моңғолия, Қытайдан көшіп келген қандастардың балалары. Фильмнің «Елдіктің бастауы» атты VI бөлімі осы қандастарды тарихи отанына көшіру кезеңдеріне арналған. Олардың ата-аналары тоқырау кезеңіне қарамастан шетелдегі қандастарды қайтару жоспарының қалай жүзеге асқанын осы фильм арқылы естеріне түсіріп, қиын кезеңде Елбасының көрсеткен қолдауы оларға жігер бергенін айтты», - деді Мойнақ ауылдық орта мектебінің директоры Айгүл Мүсекенова. Толық мақала келесі сілтеме бойынша: https://azattyq-ruhy.kz/news/16519-almaty-oblysynda-okushylarga-t-uelsizdiktin-zheti-kyry-derekti-filmder-toptamasy-korsetilip-zhatyr?fbclid=IwAR3nyHuTFvbBNrAIkN5Y2wkGeVa5kGz2oyGSMPIe5a7RzI1cvMMb7JpE410

0
0
163

Осы тақырып бойынша