Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында праймеризге қатысушылардың үгіт-насихаттық науқаны басталды

Бұл жұмыстар 3 қазан сағат 14.00-ге дейін жалғасады. Жалпы үміткерлер, 31 тамыздан – 6 қыркүйек аралығында сенімді өкілдерден құрылған штаб құрып, жеке жұмыс жоспарлары, дебатқа дайындық жұмыстарын пысықтап, әр аудан-қала бойынша күніне үміткерлер кемінде 2-3 кездесулер өткізуді жоспарланған. Санитарлық талаптарға байланысты кездесулерді онлайн түрде өткізу көзделген және әр бастауыш партия ұйымдарда кестеге сәйкес үгіт насихаттық шаралар өткізеді. Кездесулер аясында әр аудандық сайлауалды бағдарлама жобасының негізінде үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, тұрғындардың өтініш-тілектерін жинау жоспарланған.

Жалпы, Алматы облысында 1108 үміткер праймеризге қатысуда. Олар, ҚР Парламенті Мәжілісі, облыстық мәслихат және аудан-қалалық мәслихаттардағы мандат бойынша санаттарды таңдаған. Қорытынды кезең, 1-3 қазан сағат 14.00-ге дейін партия мүшелерінің үміткерлерге дауыс беруі өтеді. Ол веб-портал, мобильді қосымша немесе интернет желісі жоқ мекендерде дәстүрлі түрде дауыс беру учаскелерінде бюлеттен немесе онлайн кабинкалар арқылы дауыс бере алады.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында праймеризге қатысушылардың үгіт-насихаттық науқаны басталды - Yvision.kz