Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталды

Бұл ретте «Жұмыспен қамту жол картасы» өз тиімділігін көрсетті, осы бағдарлама шеңберінде құны 105,6 млрд. теңгелік, 20,9 мың жұмыс орнымен 1051 жоба іске асырылуда. Соның 1,8 мыңы тұрақты жұмыс болса, 10,5 мыңы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.

Өңір басшысы хабарлағандай, «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і жобасы немесе 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталды.

- Біздің облыста үш ауысыммен оқыту мәселесі әлі де бар екенін білесіздер. Сондықтан «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 9 мың орындық алты мектеп салып жатырмыз. Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда, бұл мақсатқа 15,7 млрд. теңге қарастырылған, - деп атап өтті А. Баталов

Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 16,3 мың отбасы жалпы сомасы 6,3 млрд. теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек алды. Жалпы сомасы 712,5 млн. теңге болатын кепілді әлеуметтік пакет 19 мың балаға берілді. Жалпы сомасы 15,7 млрд. теңге болатын 42 500 теңге төлемін 368,2 мың адам алды.

Атап өтсек, «Біргеміз», «Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен облыстың 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге көмек көрсетілді.

0
0
197

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталды - Yvision.kz