Алматы облысының мемлекеттік қызметшілер арасында«OFFICE OLIMPICS» атты кеңсе олимпиадасы өткізілді
Ағымдағы жылдың 15 маусым күні Талдықорған қаласындағы Жастар қызмет көрсету орталығының ғимаратында Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған бекітілген іс – шаралар жоспары аясында "Office olympics" атты кеңсе олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру,облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері арасында бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға, мемлекеттік қызметкерлер арасында өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық пен әрекеттестік сияқты құзыреттілікті дамыту және ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы олимпиаданың талаптары, жылдамдық пен ұшқырлық, дауыс мәнері және тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті мен киім үлгісін сақтауы болды.
Аталған кеңсе олимпиадасына облысымыздың басқармалары мен орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінен жалпы 10 команда құрамалары қатысып өзара сынға түсті. Жарыс барысы мемлекеттік қызметкерлер тамаша ойын көрсетіп, командалық бірлік пен жылдамдық қабілеттерін қарсыластар алдында дәлелдей білді.
Нәтижесінде І-орынды Алматы облысы бойынша экология департаменті «ЭкоMIND» командасы қоржынына салды, ІІ-орынға Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қазына.KZ» командасы иеленді, ІІІ-орынды Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы «БАМБИРХ» командасы алды.
Қеңсе олимпиадасын қорытындылай келе барлық қатысқан командаларға алғыс хаттар табысталып, жүлделі орын алған командаларға дипломдармен кубоктар табысталды.
