Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті

Соның бір дәлелі - жақында Алматыда алғаш рет өткен Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі.

Көрсетілім белгілі дизайнер Сәния Ілиясованың "87.7" коллекциясымен ашылды.

Көрсетілім үшін Алатаудың бөктеріндегі SADU Hotel мекен жайы таңдалған екен.

Бұл көрсетілім тек қана отандық топтамалармен шектелген жоқ. Сонымен қатар, шетелден де атақты дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынған болатын. Көрсетілім барысында, шоу бағдарламасы да өз деңгейінде өтті десек болады.

Көрсетілімнің арнайы қонағы ретінде эстрада бағытындағы әнші Айри шақырылған болатын. Айри қызымыз құлақ құрышын қандыратын әуезді үнімен келген қонақтарды елітіп әкетті. Жанды және интерактивті музыканың арқасында көрсетілім әсерлі өтті.

Айта кетерлік жайт, кәсіби модельдер әдемі жүрістерімен бұл көрсетілімді одан сайын әрледі. Модельдер өз жұмыстарын жақсы атқарып шықты.

Көрсетілім соңында, "Asia SPA" орталығы ұтыс ойын жасады. Фуршет, профессионалды фотограф, видеографтардың арқасында бұл көрсетілім керемет деңгейде өтті. Келген көрермендердің қуанышында шек жоқ болды десек артық айтқандық болмас.

SFW ұйымдастырушысы Айгүл Зайнуллина

Жобаның келесі маусымы жергілікті маркалармен толтырылады деген үміттеміз. Қазақстанда тігуді біледі, бізде назар аударуға және дамытуға лайықты, керемет, дарынды дизайнерлер бар. Тұтынушы дайын, демек нарықтық ұсыныс болады.

Дайындаған: НАЗИРА БУРХАНОВА

Инстаграм: @burhanova.nazyra

#SistersFashionWeekend

#SistersFashionWeekendАлматы

0
0
362

Осы тақырып бойынша

Алматыда алғаш рет Sisters Fashion Weekend ислам сән көрсетілімі өтті - Yvision.kz