Алматыда қала күніне орай халықаралық музыкалық «Star of Asia» фестивалі өтеді

Алматы осындай ауқымды оқиғаны ұзақ күтті. Қуанышқа орай, бұл шара орындалады. Осы демалыс күндері Алматыда жылдың ауқымды музыкалық фестивалі - Star of Asia өтеді.

Алматы тұрғындарын қала күнімен құттықтау үшін Индия, Түркия, Жапония, Корея, Өзбекстан және басқа да елдерден келетін ең танымал орындаушылар мен диджейлер қазақстандық жұлдыздармен бірге Медеуде бас қосады.
Билеттерді «Kassir.kz» және «Chocolife.me» сайттарынан, сонымен қатар "Меломан" желісі мен Республика Сарайы кассаларынан ала аласыздар.

Фестиваль көрермендерін тасымалдау үшін 17:00- ден 23:00- ге дейін автобус қатынастары ұйымдастырылады. Жол жүру бағасы әдеттегідей: Оңай картасымен - 80 тг, қолма- қол түрде - 150 тг. Жиналатын орындар: Абай көшесі, 48/1 (Орталық стадион); Достық даңғылы, Құрманғазы көшесінің қиылысы.
Осындай шараны өз көзіңізбен көру мүмкіндігін өткізіп алмаңыздар!
