Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда «Хотя бы кинода 2» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыда «Хотя бы кинода 2» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Оған журналистер, жазушылар, кино саласының мамандары мен еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналғандар кезекті туындыға жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Бүгінде, кино еліміздің түкпірп-түкіріндегі көрермендерге жол тартты..

Басты кейіпкер Қайрат, фильмнің бірінші бөлімінде, мемлекеттің қомақты қаржысын жымқырғаны үшін ұзақ мерзімге темір торға тоғытылған болатын. Фильмнің жалғасы кезінде ол, абақтыдағы 2 жыл ішінде жаңа байланыстар мен лайықты беделге ие болды.

Бірақ Қайраттың "абақтыдағы алаңсыз өмірі" оған кездесулердің бірінде мемлекеттік қызметтен үлкен чиновник келгенде аяқталады. Ол оған қамауда қалған күндерін, өте қауіпті қызметке айырбастауды ұсынады. Ұзақ мерзім қамауда отырғысы келмейтін Қайрат енді не істейді? Шырғаланған шырмауықтан қалай шығады?

Бұл кино хит голивудтың киноларынан асып түспесе, кем түспейтін кино шығыпты! Ұнады, ұнаған соң басқаларда көріп бағасын берсін деп, сапалы киноны көрсе екен деп пікіріммен бөлісуді жөн көрдім!

Барыңыздар, көріңіздер, бағалаңыздар, біз бағалай білсек жақсы дүниелер көптеп шығады. Тек кассаны жинауға ат салыспай, жақсы дүниелердің көптеп шығуына да септігімізді тигізейік дегім келеді.

0
0
428

Осы тақырып бойынша

Алматыда «Хотя бы кинода 2» фильмінің жабық көрсетілімі өтті - Yvision.kz